Республикалық санитарлық авиация ASPAN әуе компаниясының қолдауымен АҚШ-та инсульт алып, төрт операцияны бастан өткерген Қазақстан азаматшасы Елена Ремизованы алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық санитарлық авиация ASPAN әуе компаниясының қолдауымен АҚШ-та инсульт алып, төрт операцияны бастан өткерген Қазақстан азаматшасы Елена Ремизованы алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2014 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстанның 55 жастағы азаматшасы Елена Ремизова АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Франциско қаласында тұратын қызына қонаққа барған. Қазанның 7-сінде ол аяқасты ауырып, Калифорния университетінің медициналық орталығына жедел жәрдеммен түседі, ол жерде оған "Бас миының инсульті" деген диагноз қойылды. Кейін одан да жоғары медициналық көмек көрсету үшін University of California San Francisco (UCSF) ауруханасына ауыстырылды.
Ремизова UCSF-те ұзақ жатты және оған төрт операция жасалды. Бірақ оның денсаулығы елімізге қарапайым жолаушылар рейсімен қайтуға жарамады. Оның Америкада тұруға заңды тұлға мәртебесі мен сақтандыру төлемі болмағандықтан UCSF-те қажетті медициналық емдеу және сауықтыру шараларын одан әрі қабылдай алған жоқ, делінген хабарламада.
Оның қызы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіне анасын арнайы рейспен Алматыға жеткізу туралы өтінішпен барды. Ал елшілік ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен Ремизованы АҚШ-тың Калифорния штаты, Сан-Франциско қаласындағы UCSF ауруханасынан Алматы қаласына жеткізуге көмек сұрады.
Республикалық санитарлық авиация Ремизованы Алматы қаласына алып келе жатыр. Ұшақ 11 желтоқсан күні жергілікті уақыт 16.30-да Алматы қаласының әуежайына ұшып келеді. Айта кетейік, медициналық тасымалдауға қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінді.
Еске сала кетейік, мұның алдында Таиланд отельдерінің бірінде бассейнге түскеннен кейін есінен танып қалған қазақстандықты елге жеткізуге санитарлық авиация қолданылған еді. Елге келгеннен кейін дәрігерлердің күш салуына қарамастан науқас бірнеше айдан соң қайтыс болды.