04 қазан 2017 | 17:21

Санавиация орталығындағылар тасымалдаушы ретінде неліктен East Wing компаниясын таңдағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық санитарлық авиация орталығының өкілдері неліктен әуе тасымалдаушы ретінде East Wing компаниясын таңдағандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Республикалық санитарлық авиация орталығының өкілдері неліктен әуе тасымалдаушы ретінде East Wing компаниясын таңдағандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер жүргізген тергеу шаралары жайлы айтатын болсақ, тергеу әлі жүргізіліп жатыр, мұнда сұрақтарды құзырлы органдарға қойған жөн, - деді Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев. - Компанияның кінәсі сотта айтылуы керек. Ал сот әлі болған жоқ. Бүгінде біз жұмыс істейтін әуе компания аз, 10 компания. Біз "Қазавиақұтқару" АҚ" компаниясымен жұмыс істейміз, барлық тікұшақты солар береді".

Сондай-ақ, Нұржан Отарбаев әуе тасымалдаушыларды қалай таңдайтынын түсіндіріп берді.

"Әуе кемелерін қалай таңдайтынымыз жайлы. Республикалық санитарлық авиация орталығы ұшу жарамдылығы туралы сертификаттары мен лицензиялары бар компанияларға шақырту жібереді. Кейінірек әуе компаниясы тарифпен келіссе, олар бізге барлық құжатын әкеледі", - деді санитарлық авиация орталығының директоры.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети