29 мамыр 2020 17:05

Санитар дәрігерлер кейбір блокбекетті қалдыруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер мен әкімдіктер коронавирус таралған аумақта блокбекеттерді қалдыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер мен әкімдіктер коронавирус таралған аумақта блокбекеттерді қалдыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұндай шешімді үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық ететін коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

"Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер мен әкімдіктер шешімі бойынша коронавирус таралған аумақта блокбекеттер қалдыруы мүмкін", - делінген аумақта

Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтары арасындағы, теміржол және аймақаралық жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі.

Жолаушыларды тасымалы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Бұл талаптардың орындалуын теміржол және автовокзалдарда ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қадағалайды.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда 1 маусымнан бастап облыстар арасындағы блокбекеттер алынатынын, қазақстандықтарға басқа қалаларға өз көлігімен баруға рұқсат берілген еді.

Сондай-ақ, кинотеатрлар мен фитнес-орталықтар жұмысын бастайды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети