Қазақстандық оқушы эмоционалды видеоүндеу түсірді. Онда бала елде сауда орталықтары, мейрамханалар мен барлар ашық тұрғанда мектеп оқушылары неге қашықтан оқуын жалғастырып жатқанын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық оқушы эмоционалды видеоүндеу түсірді. Онда бала елде сауда орталықтары, мейрамханалар мен барлар ашық тұрғанда мектеп оқушылары неге қашықтан оқуын жалғастырып жатқанын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Қазнетте тарды. Бала кадрлардағы сөзін білім және денсаулық сақтау министрлеріне, елдің бас санитар дәрігеріне айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Менің сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр: біз мектепке қашан барамыз? Онлайн оқып жатқанымызға бір жыл болып қалды. Неліктен біз қалыпты жағдайда оқи алмаймыз? Коронавирустың шыңы өтті. Неліктен барахолка, сауда орталықтары жұмыс істеп тұр, ал мектептер жоқ. "Киім" білімнен маңыздырақ па? Мейрамхана, барлар неге ашық? Ересектердің ішіп-жеу құқы балалардың оқуынан гөрі маңызды болғаны ма? Біз қалыпты оқуға толық құқымыз бар", - дейді оқушы.
Бейнеролик кейіпкері қашықтан оқудан шаршаған барлық баланы осындай үндеу түсіруге шақырды.
Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті оқушының өтінішіне жауап берді.
"Еліміздегі балалардың білімге деген ынтасы осындай екені мақтанарлық. Алайда бүгінгі таңда қауіпсіз оқытуды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан барлық шара қажет екенін және ол өзін ақтағанын түсіну қажет. Балалар - бізде бар ең құнды нәрсе, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге құқымыз жоқ.
Қашықтан оқыту форматын қалдыруды таңдағанымыздың тағы бір себебі бар. Зерттеулерге сәйкес, COVID-19 жұқтырған балалардың тыныс алу жолдарында вирусының деңгейі ересектермен салыстырғанда едәуір жоғары. Бұл өз кезегінде басқа адамға берілу деңгейіне немесе жұқтыру қаупіне әсер етеді. Еліміздегі дәстүрлі отбасы мүшелері - ата-ана, балалар мен ата-әжелер екенін ескерсек, ауру жұқтыру қаупі айқын", - деп атап өтті комитет өкілдері.
Сондай-ақ санитар дәрігерлердің жауабында эпидемиологиялық жағдайы жақсы Қазақстан өңірлерінде екінші тоқсанның басынан бастап, яғни 16 қарашада 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқыту форматына оралғаны атап өтілді. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-5 сынып кезекшілері де жұмыс істейді.
"Алайда мониторинг топтары апта сайын тексерулер барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуын анықтайды. Бұдан бөлек, қашықтан оқитын оқушылардың сырқаттанушылығымен салыстырғанда, кезекші сыныптардағы COVID-19 жұқтырған науқастарының пайызы айтарлықтай жоғары. Қазақстан мектептерінде жұмыс істейтін 338 мың мұғалімнің 27 пайызы зейнеткерлік және зейнеткерлік жас алдындағы адамдар екенін де ескерген жөн. Аға буын коронавируспен әлдеқайда ауыр ауырады емес пе", - деп қосты комитет өкілдері.
"Осының бәрін ескере отырып, қазіргі уақытта біз оқытудың дәстүрлі формасына толық оралу мәселесін қарастыра алмаймыз. Карантин шаралары елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жеңілдетіледі", - деп қорытындылады ведомстводағылар.
Бұған дейін баланың өтінішіне Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы да жауап берген болатын. Басқармадағылар бұл мұндай сипаттағы алғашқы өтініш емес екенін атап өтті.
"Түрлі өтініштер келіп түседі. Біреуі қашықтан оқыту форматын қалдыруды сұрайды, біреуі мектепке оралғысы келеді. Алайда бұл жерде шешімді білім басқармасы, тіпті Білім және ғылым министрлігі де қабылдамайды. Біз білім беру мәселелерін үйлестіретін басқарма ретінде барлық баланың мектепке тезірек оралғанын қалаймыз. Бұл туралы БҒМ-дағылар да айтқан. Бірақ шешімді санитар дәрігер қабылдайды. Мектептер, кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес және басқа да орталықтар карантиндік шектеулер жағдайында жұмыс істеу форматын санитария дәрігерлері реттелетін объектілер болып саналады. Біз олардың талаптарын орындауға міндеттіміз", - деп түсіндірді ББ өкілдері.
Айта кетейік, елімізде 7 мың мектеп бар, оның 3700-і дәстүрлі форматта, 1-11 сынып аралығында жұмыс істейді. Қалған мектептерде дәстүрлі форматта бастауыш және бесінші сынып оқушыларына арналған кезекші топтар жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!