Санкт-Петербургте Ленинград қорғаушыларына арналған баннерге Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың орнына фильмде оның рөлін сомдаған актрисаның фотосын орналастырған. Баннердегі қатені жергілікті тұрғын Жанар Құсайынова байқады, - деп хабарлайды "Фонтанка".
Санкт-Петербургте Ленинград қорғаушыларына арналған баннерге Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың орнына фильмде оның рөлін сомдаған актрисаның фотосын орналастырған. Баннердегі қатені жергілікті тұрғын Жанар Құсайынова байқады, - деп хабарлайды "Фонтанка".
"Ерлік алаңында "Ленинградтың қаһарман қорғаушылары" атты плакат пайда болды, онда басқалармен бірге Әлия Молдағұлова көрсетілген. Бірақ мәселе оның суретінің орнына бір кездері оны кинода сомдаған актрисаның суретін орналастырған", - деді ол басылымға.
Сөзінің дәлелі ретінде ол платкаттың суретін ұсынды.
Фото: Жанар Құсайынова/fontanka.ru
"Әлия Молдағұлова Ленинградтың қорғаушысы болған және ол бойжеткен кезінде қаза тапқан. Ол туралы ақпарат жабық болса түсінер едім, бірақ олай емес қой. Суреті плакатқа қойылған Айтұрған Темірова - Орта Азияда өте танымал актриса. Ол "Мергендер" фильмінде Әлия Молдағұлованың рөлін сомдады. Оның үстіне ол - тірі", - деді әйел.
Оның айтуынша, ол Санкт-Петербургтегі Ұлттар үйіне қоңырау шалғанда, оған: "Олар ұқсайды ғой", - деп жауап берген. Ал ұлтаралық қатынастар және көші-қон саясатын жүзеге асыру комитеті суретті тауып, жіберуді ұсынған екен. "Мұндай немқұрайдылыққа жол бермеу керек. Әсіресе, соғыс кезінде көптеген адам қаза тапқан қалада", - деді Құсайынова.
Ұлтаралық қатынастар және көші-қон саясатын жүзеге асыру комитеті басылымға қате кеткенін білетіндерін және қазіргі жағдайды түзеп жатқандарын айтты. Олар баннерлердің биыл желтоқсанның басында қала көшелерінде пайда болғанын түсіндіріп, оны комитетке бағынышты Санкт-Петербург ұлттары үйі орналастырғанын мәлімдеді.
Әлия Молдағұлова - кеңес кезіндегі мерген қыз. Ұлы Отан соғысы кезінде ол 2-ші Балтық майданы 22-армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасында соғысқан. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы, ол қаза тапқаннан кейін берілген.
Оны 1985 жылы "Мергендер" фильмінде сомдаған Айтұрған Темірова - Қырғызстанның халық әртісі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!