Санкциялық қақтығыстар әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санкциялық қақтығыстар әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді - Тоқаев Фото: Ақорда

"ШЫҰ плюс" саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық қақтығыстардың жаһандық экономикаға келтірген зияны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ШЫҰ плюс" саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық қақтығыстардың жаһандық экономикаға келтірген зияны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санкциялық қақтығыстар әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді, одан әрі даму перспективаларын тарылтады. Мұндай жағдайда оң динамиканы сақтауға және әлеуетті арттыруға бағытталған сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың неғұрлым икемді стратегиясын құруымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ШЫҰ мемлекеттерінің әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 30 пайыз болатынын және бүгінде қатысушы елдердің сыртқы саудасы 8 триллион доллардан асқанын, бұл бүкіл әлемдік сауданың төрттен біріне тең екенін атап өтті.

"ШЫҰ мемлекеттерінің есебінен болып жатқан Азияның жаңа тарихи экономикалық өрлеуі бүкіл жаһандық экономика үшін тұрақтандырушы фактор болып табылатынын ерекше атап өткім келеді.

Қазақстан Қытайдың ШЫҰ елдерінің өзінің ауқымды нарығына қолжетімділігін кеңейту және тауар айналымын 3 триллион долларға дейін жеткізу ниетін құптайды", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети