20 қазан 2022 10:22

Санкциялық текетірес бірегей мүмкіндіктер ашады - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған қаласында орналасқан, барлық қажетті инфрақұрылымы бар индустриялық аймақ шетелдік компаниялардың қоныс аудару алаңына айналуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорған қаласында орналасқан, барлық қажетті инфрақұрылымы бар индустриялық аймақ шетелдік компаниялардың қоныс аудару алаңына айналуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы, біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығы экспортының шикізаттық бағдарынан бас тарту, қайта өңдеуді дамыту өте маңызды. Әлемдегі санкциялық конфронтация бұл тұрғыда жаңа бірегей мүмкіндіктер ашады.

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынын жеделдету үшін ірі инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру қажет. Талдықорғанда орналасқан, барлық қажетті инфрақұрылымы бар индустриялық аймақ шетелдік компанияларды көшіру алаңына айналуы мүмкін", - деді Мемлекет басшысы.

Оның ойынша, дайын азық-түлік өнімдерін өндіру мен насихаттауға баса назар аудару қажет. Аймақтың транзиттік мүмкіндіктерін кейіннен оларды кері экспорттау үшін көршілес елдердің ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін бірлескен кәсіпорындар құру үшін пайдаланған жөн.

"Халықаралық тәжірибені егжей-тегжейлі зерделеу керек. Мысалы, Жетісу облысынан үш есе аз территориясы бар Нидерланды әлемдік агроөнеркәсіптік өнімдерді экспорттаушы үштіктің бірі. Сондықтан облыста селекция, суару, жылыжай жүйесі салаларында жаңа жоғары қарқынды технологияларды енгізу қажет", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, агроөнеркәсіптік өнімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттау үлкен рөл атқарады. Бұл мәселелердің барлығын үкімет шешуі керек. Отандық ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру үшін облыста фитоветеринариялық зертхана құруды қарастыру қажет.

"Халал стандарттары тек ет пен сүтке ғана емес, астық, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түлік өнімдеріне де қатысты отандық агроөнеркәсіп саласында да қолданылуы керек. Бұл қадамдар еліміздің аяғынан тік тұрып, нығаюына мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети