Сапалы ойыншықты қалай таңдау керек? Маман кеңесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Жаңа жыл қарсаңында балалардың денсаулығына қауіпсіз әрі сапалы ойыншықтарды қалай таңдау керек? Бұл туралы Астанадағы Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары айтып берді, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа жыл қарсаңында балалардың денсаулығына қауіпсіз әрі сапалы ойыншықтарды қалай таңдау керек? Бұл туралы Астанадағы Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары айтып берді, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, сынамалар жүргізілген ойыншықтардың 50 пайызы талаптарға сай келмеген. Бұл департаменттегі Техникалық регламенттер талаптарын сақтау бөлімінің басшысы Қарлығаш Әбдішева ойыншықтар қауіпсіздігі жөнінде бірқатар сауалға жауап берді.

Оның айтуынша, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті шаһар бойынша сатылымдағы ойыншықтарды зертханалық зерттеу көрсеткіштеріне бақылауға сатып алады да, зерттейді.

"Зерттеу нәтижелері бойынша, біз ары қарай сауда орындарына және тасымалдаушыларға шара қолданамыз. Биыл, яғни 2018 жылдың аяғында 173 ойыншық үлгісін сатып алып, зерттедік. Соның 50 пайызы, яғни 88 үлгісі техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмеген ойыншықтардың 85 пайызы таңбалану бойынша сай келмеді, яғни өнімдердің сыртында ойыншық туралы ешқандай ақпарат болмаған. Ал қалған 15 пайызы органолептикалық көрсеткіш бойынша жарамсыз болып қалды, яғни ойыншықтың иісі шектеулі нормадан артық болып жатты", - деді ол.

Айтуынша, талаптарға сәйкес емес ойыншықтардың 97 пайызы Қытай мемлекетінің өндірушілерімен шығарылған ойыншықтар. Бірақ ол ойыншықтардың таңбалануында қандай тауар фирмасы шығарғаны туралы ақпарат болмаған. Тек мемлекеттің аты ғана жазылған. Аудармасы немесе ойыншық туралы қандай да бір ақпарат болмапты.

"Талапқа сай келмейтін ойыншықтардың бала денсаулығына қауіп төндіретін органолептикалық көрсеткіші бойынша иісінің артық шектеулі нормадан артық болуы байқалды. Иісі болғандықтан, оның ішінде, Қытай ойыншықтарында формальдегид, стирол, фенол сияқты көптеген химиялық заттардың шектеулі нормадан артық болып жататыны жиі кездеседі. Яғни, ол заттардың артық болуы балалардың денсаулығына өте зиянды. Өйткені, олар аллергиялық реакциялар беруі, басқа да ауруға шалдықтыруы мүмкін", - деді маман.

Сонымен қатар, маман ойыншықты қалай таңдау керегін айтты.

"Әрбір тұтынушы, әрбір ата-ана өзінің баласына ойыншықты тиянақты түрде таңдауы керек. Ойыншықтың бүкіл сыртқы түріне мән беруі қажет. Оның әрбір жеке бөлшектерін тартып, ұстап көруі керек. Міндетті түрде ойыншықтың орауышы, яғни қаптамасы болуы тиіс. Сондықтан сыртқы түріне, таңбалануына қарау керек. Әрбір тұтынушы ойыншық сатып алғанда оның сапасын растайтын құжат сертификатын сұрауы қажет. Сертификаты жоқ ойыншықтар сапасыз болып келеді", - деді Әбдішева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro