Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Нұрлан Онжанов пен Әлихан Смайылов қатысты.
Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
"Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.