Сапарбаев Ақтөбе облысындағы жағдайдың толықтай бақылауда екенін мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. © vaktobe.kz Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. © vaktobe.kz

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығында жүргізіліп жатқан арнайы операцияға байланысты халыққа үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" ақпарат орталығына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығында жүргізіліп жатқан арнайы операцияға байланысты халыққа үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Өңір басшысы ақтөбеліктерді күдікті тұлғаларды көрсе аса сақ болып, құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырды. Сонымен қатар, Сапарбаев қауіпсіздік шаралары мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеудің 6 маусымнан 7 маусымға ауыстырылғанын еске салды. 

"Құрметті жерлестер! Тыныштық сақтауларыңызды сұраймын. Жоспарлы антитеррорлық операция жүргізіліп жатыр. Жағдай толықтай бақылауда екенін айтып, сендіргім келеді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты", - деп қорытындылады өз сөзін Ақтөбе облысының әкімі.

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro