Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танымал әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашты.
"Халықпен тиімді кері байланыс орнату - ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашқанды жөн көрдім.
Өздеріңізбен өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынымызға сенімдімін", - деп жазды ол өзінің алғашқы жазбасында.
"Біздің ортақ мақсатымыз - өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру",- деді Сапарбаев.
Жамбыл облысы басшысын фейсбукте Бердібек Сапарбаев нигі бойынша, instagram-да saparbayev_bm бойынша табуға болады.
Еске салайық, Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы қақтығыстан кейін Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған.