27 маусым 2019 | 17:45

Сапарбаев Арыс тұрғындарын арандатуға ермеуге шақырды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Арыс тұрғындарымен кездесіп, оларды арандатуға ермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Арыс тұрғындарымен кездесіп, оларды арандатуға ермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғасы

"Арыстың қалпына келуі үшін жағдайды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке бақылауына алды. Үкіметке сәйкес тапсырма жүктелді. Сондай-ақ қаланы қалпына келтіру үшін керекті қаражат бөлініп жатыр. Оған қоса әлеуметтік және инфрақұрылымдық мекемелер де қалпына келтіріледі. Сіздерден арандатуға ермей, түрлі қауесетке сенбеулеріңізді сұраймын. Үкімет және жергілікті ұйымдар қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр", - деді ол. 

Министрдің сөзінше, еліміздің тұрғындары Арыстықтарға қолдан келгенше көмек жасап жатыр.

"Еліміздің барлық аймағынан көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қаражат пен гуманитарлық көмек тұрғындардың арасында әділетті түрде бөлінеді. Бұл үшін арнайы қоғамдық комиссия құрылады, оның құрамына сіздердің өкілдеріңіз кіреді. Бұл мәселе басты назарда тұр", - деді министр тұрғындарға.

Сондай-ақ Сапарбаев әскери бөлім Арыстан басқа жерге көшірілетінін айтты.

"Президенттің тапсырмасымен коммисия жұмыс істеп жатыр. Әскери бөлім Арыстан қауіпсіз жерге көшіріледі. Басты мақсат - болашақта мұндай жағдайдың қайталанбауы. Сонымен қатар, экологиялық мәселе де назардан тыс қалмайды. Сіздерден сабырлық танытытуларыңызды сұраймын. Барлығы өз орнына келеді", - деді ол.


Сондай-ақ  Бердібек Сапарбаев бүгін Түркістан облысына баратыны хабарланды.

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарыла бастады. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді. Қалада 45 мың адам тұрады, оның бәрі эвакуацияланған. Қайғылы оқиғадан қала тұрғыны ауыр жарақат алып, қаза тапқан, оның көлігіне снаряд түскен. 25 маусымда бір әскери қаза тапқан, оның денесі қоймалар маңынан табылған. 26 маусымда тағы бір әскеридің қаза тапқаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети