11 маусым 2017 | 12:11

Сапарбаев билікке сын айтқандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/aktobe_zello © instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Табыс" базарына барған сапарында және аулалардың бірінде тұрғындармен әңгімелесу барысында Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды "Диапазон".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Табыс" базарына барған сапарында және аулалардың бірінде тұрғындармен әңгімелесу барысында Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Жәрмеңке күндері базарда тұрғындар азық-түліктің қымбат екенін айтып, шағымданған еді. "Коммуналдық базар өз атауына сай болуы тиіс, ал мұнда өте қымбат, - деп шағымданды әйел. - Картоп қымбат, қырыққабат 280 (теңге) тұрады, пияз - 265".

"Сіздер әрқашан көңілдеріңіз толмайды, - деп жауап берді әкім оған. Сіздерге әрқашан бәрі жаман. Жақсылықты көрмейсіздер".

"Сізге айтпасақ, кімге айтамыз?", - деді әйел сонда. 

"Біз сол үшін осында келіп тұрмыз, бірақ айғайламаймыз, сабырмен-ақ айтуға болады ғой", - деген Сапарбаев базарды ары қарай аралап кетті. 

Ал Чекалин көшесіндегі үй аулаларының бірінде әкімге спорт алаңы қашан салынатыны, үй алдындағы алаңның қашан жасалатыны жайлы сұрақ қойылды. 

"Мұны сіздер неге өздеріңіз жасамайсыздар? - деп қарсы сұрақ қойды Сапарбаев тұрғындарға. - Топырақты да тегістей алмайсыздар ма? Спорт алаңын? Өздеріңіз жасайсыздар".

"Сіздер тұрғындарды шақырып, сенбілікке шығаруларыңыз керек, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын балконнан қарап тұруға үйреніп алдыңыздар. Мұның барлығы да үй тұрғындары үшін жасалады ғой, талап етеді, соны ғана біледі, ақылды шетінен!", - деп жекіді әкім Шанхай тұрғындарына. 

Абай даңғылының бойындағы ағаштардың кесілгені жайлы айтқан тұрғынға Сапарбаев бұл ағаштардың 40-50 жылдан бері өсіп тұрғанын және әлдеқашан өліп қалғанын айтты. "Жас ағаштарды отырғызамыз. Абай даңғылының бойын адамдар демалатын орынға айналдырамыз. Алдағы бес жылда әлі рақмет айтасыз", - деді шенеунік. 

Ал зейнеткер әйелдің үй ауласында тасжол төселмегенін айтқанына әкім шыдамды болу керек екенін айтып, жауап берді. "Барлық көшеге асфальт төсейміз, бірақ кезегімен. Асфальт төселмейтін жерге ұсақталған тас төсейміз. Ал кешесі жылы асфальт төсейміз. Себебі бізде 400 көшеге бірден асфальт төсейтін қаржы жоқ", - деп түсіндірді әкім. 

- Міне, сіздердің көшеде 30 жыл бойы асфальт болмады, енді бар.

- 47 жыл бойы болмады асфальт! Рақмет сізге", - деп алғыс жаудырды тұрғындар әкімге. 

"Халық сенбілікке шықпайды, халық атсалыспайды. Ал сіздер биліктен қандай мін тапсам екен дейсіздер де жүресіздер. Қараңыздар, мемлекеттік қызметшілер барлық жерде жұмыс істеп жүр, ал мына кісілер (тұрғындарды нұсқап) шықпайды. Ал шыққандар "былай істеңдер, қате" деп ескерту жасаумен болады. Оларға жазып, көрсету керек. Мұның барлығы халық үшін жасалады, ал олар шықпайды", - деді Сапарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети