28 қараша 2014 | 13:02

Сапарбаев колледждердегі қажетсіз пәндерді қысқартуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ps-shtychki.ucoz.ru сайтынан Фото ps-shtychki.ucoz.ru сайтынан

ҚР вице-премьер-министрі Бердібек Сапарбаев ҚР Білім және ғылым министрлігіне колледждердегі "қажетсіз" пәндерді қысқарту туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР вице-премьер-министрі Бердібек Сапарбаев ҚР Білім және ғылым министрлігіне колледждердегі "қажетсіз" пәндерді қысқарту туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мамандықтарға қатысты пәндерді оңтайландыру қажет. (...) Мысалы, мектепте 11 жыл оқыған математика, тарих, әдебиет пәндерін дәнекерлеуші немесе құрылысшы мамандығын оқып жатқандарға қажеті қанша? Оның орнына мамандығын игеру үшін қажетті, жұмыс істегенде керек болатын пәндердің санын көбейту қажет. Сондықтан министрлікке - келесі оқу жылы басталғанша мамандықты оқыту үшін керексіз пәндермен қатар оқыту бағдарламасын қайта қарауды тапсырамын", - деді ол "Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы" форумында сөйлеген сөзінде.

Вице-премьердің айтуынша, Білім және ғылым министрлігі қос мамандықты оқыту жүйесін жетілдіру үшін ең алдымен техникалық және кәсіптік білім берудің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту мен емтихан тапсыруды қарастырмаған мемлекеттік стандарттарын өзгертуі тиіс. Сонымен қатар Сапарбаев кәсіптік-техникалық оқу орындары түлектерінің біліктілігін растау мәселесін шешуге тапсырма берді.

"Бізге әрине, біліктілікті арттыратын және бағалайтын орталықтар ашу керек. Бұл туралы барлық кездесуде айтылады, сондықтан уақыт келді. Өкінішке қарай, елімізде мұндай бар болғаны үш орталық бар, ал экономикада қанша сала бар?" - деді ол.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети