Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам және Ордабасы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам және Ордабасы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, Сайрам ауданының әкімі лауазымына Самат Сапарбаев тағайындалды. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Сайрам аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сайрам ауданының әкімі лауазымына Самат Айдарханұлы Сапарбаев тағайындалды. Сапарбаев 1962 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы - инженер-механик", - делінген хабарламада.
Еңбек жолын ол 1985 жылы Жамбыл кірпіш зауытының слесарі ретінде бастаған. 2013 жылдың маусым айынан бастап Сапарбаев Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
Ал Ордабасы ауданының әкімі қызметіне Алмасбек Мамытбеков келді. Ол 2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді. Мамытбеков 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы - география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры. Еңбек жолын ол 1984 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтері ретінде бастаған.