12 қаңтар 2021 08:19

Сапарбаев зиялылардың Қонаевқа ескерткіш қою ұсынысын қолдады

Фото: ztgzt.kz сайтынан

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласында Қазақ КСР компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне ескерткіш қою ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Знамя труда" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылы Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы аталып өтеді. Қазір Таразда Қонаевтың мүсіні орнатылған. 

Реклама
Реклама

Жамбылда зиялы қауым өкілдері: Қазақстанның еңбек ері Мұқаш Ескендіров, журналистика ардагері Баттал Жаңабаев, Мемлекеттік премия лауреаты, ақын Күләш Ахметова, академик Өскенбай Мәдиев, облыстағы қоғамдық кеңес төрағасы, Мәжілістің экс-депутаты Амзебек Жолшыбеков аймақ басшысына мүсінді толық ескерткішке ауыстыру туралы ұсыныс айтты.

"Сапарбаев ұсынысты қолдап, жауапты органдарға мәселені қарастыруға және тиісті ұсыныс беруді тапсырды", - деп жазады газет.

Басылым Қонаевтың есімі "әрбір қазақтың жүрегінде ерекше орын алатынын" атап өтті. 

"Дінмұхамед Қонаевтың мұрасы - республиканың ұлттық игілігі, оның есімі Қазақстан тарихындағы алтын қорға кірді. Қазақ халқы тірі болғанда мұндай қайраткер адамның да есімі мәңгі сақталады", - делінген мақалада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram