22 қараша 2017 09:16

Сапарбек Тұяқбаев ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сапарбек Тұяқбаев. © primeminister.kz Сапарбек Тұяқбаев. © primeminister.kz

Сапарбек Тұяқбаев "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.


Сапарбек Тұяқбаев "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет еткен.

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып істеген, инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік еткен.

2016 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының қызметін атқарған.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

Анықтама: Бұған дейін Kazakh Invest Ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы қызметін Мақсат Қабашев атқарған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети