Сапасыз тушенка жайлы іс: тұтқындалған шенеуніктің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сапасыз тушенка жайлы іс: тұтқындалған шенеуніктің кім екені анықталды Бақытбек Иманалиев

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ұсталған төрағасының аты-жөні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ұсталған төрағасының аты-жөні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Елордалық сот баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Бақытбек Иманалиев 2019 жылдың 2 маусымына дейін үй қамауына алынған. 

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған деген күдікпен шенеунік ұсталғанын айтқан еді, бірақ оның аты-жөнін атамаған болатын. 

"Резерв сақтауында тұрған сиыр етінен жасалған тушенка консервісі мемлекеттік стандартқа сай емес, сапасы нашар екенін және сиыр етінің орнына соя етінің салынғанын біле тұра шенеунік 2018 жылы оларды кәсіпкерлерге беріп, 600 миллион теңге шығын келтірген", - деді агенттіктің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің басшысы. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметі бойынша, 2015 жылы жоғарыда аталған консервілерді Комитетке СҚО-дан әкелінген. 

Бақытбек Иманалиевтың жасы - 50-де. Алған білімі - экономис-қаржыгер, инженер. Түрлі жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Парламент шаруашылық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониоринг бөлімінде қызмет атқарған. Статистика агенттігінің жауапты хатшысы, кейін төраға орынбасары болды. 

2016 жылы Иманалиев Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети