Сәпиев Астанадағы МУЗ-ТВ жүлдесі кезіндегі оқиғаға байланысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәпиев Астанадағы МУЗ-ТВ жүлдесі кезіндегі оқиғаға байланысты пікір білдірді "МУЗ-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесін табыстау сәті. ©Тұрар Қазанғапов

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Астанадағы "МУЗ-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесі кезіндегі оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Астанадағы "МУЗ-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесі кезіндегі оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сәпиевтің айтуынша, оны шара ұйымдастырушылары жүлде табыстау үшін емес, қонақ ретінде шақырған. "Мені МУЗ-ТВ жүлдесіне шақырды, содан кейін бір адам келіп, сахна артына қарай шақырды, ол маған марапаттайтынымды айтты. Сахна сыртында тұрғанда жүргізушілердің кімнің марапаттайтыны туралы естімей қалғанын көрдім. Шығуыма тура келді. Күтіп-күтіп, өз-өзімді жариялауым керек болды", - деді боксшы.

Олимпиада чемпионы ұйымдастырушыларға өкпе-ренішінің жоқ екенін айтты. "Тағы бір мәселе шықты - біз басқа аталым бойынша марапаттауымыз керек еді, бірақ басқаларды шақырды, сосын біз "Звери" тобын марапаттауға шықтық, шатасып кеткендей болдық. Иә, кейін ұйымдастырушылар кешірім сұрады, бірақ мен ештеңе болмағанын айттым. Кейін видеоны қайталап көрдім, күткенім, жүргізушілерге қарап тұрғаным байқалады. Иә, Асель Сағатова мені көрмей қалды, ал көрсе таныстырар еді ғой", - деді Сәпиев.

МУЗ-ТВ жүлдесінің кезінде "Үздік рок тобы" аталымында Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев пен ресейлік актриса Настасья Самбурская марапаттаған болатын. Алайда жүргізушілер Максим Галкин мен Асель Сағатова оларды таныстырмады. Галкин "Настасья, меніңше, бұл бокстан әлем чемпионы" деді. "Мені білмейтіндеріңіз болса, менің аты-жөнім Серік Сәпиев, мен бокстан Олимпиада чемпионымын", - деді боксшы "Астана-Арена" аренасына жиналған халықтың қошеметіне бөленіп.

Еске салайық, "МУЗ-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесі Астанада 5 маусымда өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети