Саранда белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саранда белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен

Саран қаласында белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен. Қазір полицейлер оларды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саран қаласында белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен. Қазір полицейлер оларды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Резонанс тудырған жазу жергілікті тұрғындар назарына іліккен. Олар танктің суретін әлеуметтік желіде жариялады. Брондалған техника 1А ықшамауданындағы Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында тұр. Тұрғындар тәртіпбұзушыны тауып, жазалауды талап етті.

Бұған қала әкімдігі де назар аударды. Қазір жазу өшіріліп, қара бояумен боялған. Тәртіп сақшылары құқықбұзушыны іздестіріп жатыр.

"Факті тіркелді. Қазіргі уақытта Саран қаласының полиция бөлімі тәртіпбұзушыны анықтау шараларын жүргізіп жатыр, кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети