24 қараша 2020 | 17:49

Сарапшы Алматыда заңсыз оталған ағаштарға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты орман және жасыл екпелерді қорғау бөлімінің басшысы Нұржан Мұхамадиев Sulpak аумағында кесілген ағаштарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты орман және жасыл екпелерді қорғау бөлімінің басшысы Нұржан Мұхамадиев Sulpak аумағында кесілген ағаштарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұхамадиевтің айтуынша, ағаштарды қайта отырғызып, қалпына келтіру қиын болады.

"Жарияланған фотосуреттерден және жалпы көріністен олардың жасы орташа есеппен 60-70 жас екенін байқауға болады. Діңгектерден ағаштарда шірік болмағаны көрінеді. Жалпы, емендер басқа да борпылдақ ағаш сияқты шірік ауруларына бейім емес. Еменнің қатты ағаштары бар, олар өте жоғары бағаланады, олардан сапалы жиһаз жасалады. Бұл ағаштар орташа есеппен жарты ғасырға жуық уақыт тұрар еді, өйткені Алматыда 150 жастағы емен ағаштары да бар", - дейді Нұржан Мұхамадиев.

Осы ретте Алматы экологиялық қоғамы әкімдіктен Төле би көшесі, № 187 үй аумағынан - Жароковтан Әуезовке дейінгі жасыл жолақты толығымен қалпына келтіруді талап етті.

"Жаяужол мен жолдың бойында 30 дана ағаш отырғызуды талап етеміз, арықты және жасыл жолақты қалпына келтіруді талап етеміз", - деп жазды белсенділер Facebook желісіндегі парақшасында.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкіміне қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған болатын. Қала әкімі кейін бұл мәселе жеке бақылауында екенін айтты.

Алматыда заңсыз оталған ағаштар: Тоқаев Сағынтаевқа тапсырма берді

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети