Сарапшы IT-саладағы кемшіліктер жайлы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанның Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қорының басшысы Санжар Кеттебеков IT-технологиялар саласында инновациялық жобаларды көбейтуге қарапайым фактор - жалқаулық кедергі келтіріп отыр деп есептейді. Силикон алқабында өз компаниясын ашқан тұңғыш қазақстандық бұл жайлы ойын "СТВ" телеарнасындағы "Детектор G" хабарының түсірілімі барысында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қор басшысының айтуынша, қазақстандық IT-жоба жасаушылар грант бөлетін комиссияның ықыласына семірген. Инновация аталып жүрген жобалардың дені шикі. "Бұл өз саласында қандай да бір жаңа дүние жасағысы келген үміткерлердің тәжірибесіздігінен" дейді Кеттебеков. "Мемлекет ғылыми жоба авторларын жеткілікті деңгейде қолдайды. Қаржы жеткілікті бөлінді. Ол ақша қалай жұмсалып жатыр? Меніңше, тиімсіз. Кейде олар кім көрінгенге беріледі, өйткені бюджетті орындау керек. Мен онымен айналысатын ұйымдардың орнында болсам, сапаға қатысты талапты жоғары қояр едім. Бұлай еркелеткенше, ақшаны бермеген дұрыс. Себебі мұның салдарынан бағдарламалар қойылған тиімділік межесіне жетпейді. Кремний алқабындағы стартаперден Қазақстандағы стартапердің айырмасы не? Кремний алқабында олардың индустриядағы жұмыс тәжірибесі 10 жылдан 15 жылға дейін барады. Ал Қазақстанда стартапер деген тәжірибе дегеннен мүлдем бейхабар екінші курс студенті болуы мүмкін", - дейді қор басшысы. Кеттебековтің айтуынша, IT-технологиялар саласында ғылыми зерттеулермен айналысатын мамандардың тапшылығына сарапшылардың сәтсіздіктен қорқуы себеп. Олардың шетелдіктерден басты айырмашылығы - осы. "Барып грант сұрауға екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Грантты алуға лайықты адамдар тағы бармайды. Мүмкін, өздеріне сенбейтін болар. Тіпті, психологиялық жағынан бұған дайын емес. Оларға өздерінің қамсыз күйде жалақы алып отырған жақсы жұмыстарын тастап, өз ісімен айналысуға түрткі керек. Дәл осы жерде батыс менталитеті ұтады - олар құлдыраудан қорықпайды, яғни сәтсіздікке шыдайды. Ал Қазақстанда сәтсіздік трагедия сияқты қабылданады. "Силикон алқабы" жайлы көпшіліктің пікірін білемін, бірақ ол жерде ерекше ештеңе жоқ, ол да сондай адамдардан тұрады. Ол - өзіне сенген адамдардың тобы, бар айырмасы сол. Мен Қазақстанда басты мәселе әркімнің өзіне деген сенімі деп ойлаймын", - дейді АҚШ-та 20 жыл өмір сүрген Кеттебеков. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қорының бас директорымен болған сұхбатты "СТВ" телеарнасынан 2 наурыз күні сағат 20.00-да тамашалай аласыздар. "Детектор G" бағдарламасы дүйсенбі күні сағат 18.50-де қайталанады.

Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro