I-BALAQAI жобасында нейроофтальмолог Сәуле Шыныбаева аяғы ауыр әйелдер мен балалардың көру қабілетін сақтауға қатысты кеңестерін бөліседі, сондай-ақ жаңадан туған сәбилерде қандай көз патологиясы кездесетінін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
I-BALAQAI жобасында нейроофтальмолог Сәуле Шыныбаева аяғы ауыр әйелдер мен балалардың көру қабілетін сақтауға қатысты кеңестерін бөліседі, сондай-ақ жаңадан туған сәбилерде қандай көз патологиясы кездесетінін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады.
Жаңа шығарылымды бүгін, 22 қазан сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жоба қонағы "Балалардың көру қабілетін қалай сақтау керек?" атты тақырыпта ойын айтады. Сондай-ақ ол нейроофтальмологтар немен айналысатынын және қандай белгілер байқала бастаған кезде оларға жүгіну керегін түсіндіреді.
29 жылдық тәжірибесі бар жоғары дәрежелі офтальмолог дәрігер Сәуле Шыныбаева штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан "Шығыс-Батыс" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті. Ол 2019 жылы көзге арналған PROVISION CENTER Оңалту орталығын ашқан.
Жаңа шығарылым аясында ұтыс өтеді, басты сыйлық - нейроофтальмолог Сәуле Шыныбаеваның консультациясы. Ойын шартымен Instagram парақшада таныса аласыздар.
Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.
RTS Decaux компаниясына бағдарламаны түсіруге локация ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!