Адамдарды стационарларға ПТР-тестілеу нәтижесі негізінде бөлу қате болған. Бұл туралы "Салауатты Астана" амбулаториялық-клиникалық желісі бақылау кеңесінің төрайымы Лейла Ішбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адамдарды стационарларға ПТР-тестілеу нәтижесі негізінде бөлу қате болған. Бұл туралы "Салауатты Астана" амбулаториялық-клиникалық желісі бақылау кеңесінің төрайымы Лейла Ішбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жағдай қиын кездері ПТР-тестілеуінің ең жоғары бағасы 20 мың теңге, ал иммуноферменттік талдау (ИФТ - тест) шамамен 3 500 теңге тұрған. ПТР далалық жағдайда және цейтнот режимінде (шешім қабылдауға уақыттың болмауы) өткізілсе - 60-70 пайызға кепілдік береді, ал ИФТ - 100 пайызға, ол байланыста болған-болмағанын анықтайды", - деді Лейла Ішбаева TALAP.Talks онлайн-конференциясы аясында.
Онлайн-конференцияның модераторы Рахым Ошақбаев елде диагностикалауда неге ИФТ-тестілеуі емес, ПТР таңдалғанын сұрады. Егер ол ПТР-ге қарағанда әлдеқайда арзан, қол жетімді және дәлірек болса.
"Қазақстанда ПТР-тестілеуге шамамен 15 миллиард теңге жұмсалды, дәл осындай сома коронавирус жұқтырғандарды емдеуге кетті. Өлім-жітім көбейген кезде ауруханалардың екі түрі ұйымдастырылды. Біріншісі ковид ауруханалары, онда тиісті емдеу схемасы, дәрі-дәрмек қоры және оттегімен қатамасыз ету құралдары болды. Сондай-ақ, жоғарыда айтылғандардың бәрі болмаған провизорлық ауруханалар ұйымдастырылды. Екі түрлі ауруханаға сұрыптау ПТР нәтижелері негізінде жүрді, бұл өте қате шешім. Яғни, тыныс алуы қиындаған, ПТР COVID-19-ды растамаған адам провизорлық ауруханаға түсті және ол соңғы сәтке дейін провизорлық орталықта болды. Ал ИФА әрдайым қол жетімді болған", - деді Лейла Ішбаева.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!