29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні атап өтіледі - Қазақстан ұсынған және 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бірауыздан қабылдаған декларация. Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Ерлан Мәдиев осыдан тура 30 жыл бұрын қабылданған шешім жас мемлекеттің даму барысын қалай анықтағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні атап өтіледі - Қазақстан ұсынған және 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бірауыздан қабылдаған декларация. Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Ерлан Мәдиев осыдан тура 30 жыл бұрын қабылданған шешім жас мемлекеттің даму барысын қалай анықтағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"29 тамызда әлемдік қауымдастық 12-ші рет Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күнін атап өтеді. Ол БҰҰ деңгейінде Қазақстанның – тарихта бірінші болып өз аумағында ядролық сынақ полигонын жапқан елдің бастамасы бойынша құрылған", - деді Ерлан Мәдиев.
Сарапшының айтуынша, бұл шешімнің біз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін үлкен маңызы бар.
"Оның үстіне әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жауып тастаған біздің ел әлемнің төртінші ядролық арсеналынан бас тартып, әлемдік тәжірибеде бірегей прецедент құрды.
Бүгінде бұл шешімнің маңыздылығын төмендететін, ядролық қарудан бас тартудан басқа амалы жоқ деген сыншыларды жиі естуге болады".
Мәдиевтің айтуынша, бұл тек ядролық арсенал туралы ғана емес, сонымен қатар ядролық қару өндірісінің бүкіл циклін қамтитын дамыған инфрақұрылым туралы болғанын еске түсіру керек.
БН-350 реактор қондырғысы бар ғимарат. Сурет: maek.kz
"Бұл бай ресурс базасы, ғылыми-техникалық қызметкерлер мен Ақтау қаласындағы БН-350 жылдам нейтронды реакторы сияқты өндірістік қондырғылардың болуы, егер "құлшыныс" болған жағдайда олар жұмысын жалғастыра алады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, толыққанды зымыран дивизиясын ұстауға кететін экономикалық шығындар елдің қарапайым қарулы күштерінің шығындарына шамамен тең болады, бұл өз кезегінде сол кездегі ЖІӨ-нің 1 пайызынан аспады. Яғни, бұл саяси ниетті ескере отырып, қаржылық жүктемені едәуір көтерді", - деді ол.
Алайда сарапшының айтуынша, Қазақстан бейбіт дамуға бәс тігіп, басқа жолды таңдады. Бұл шешім қазақ халқының ондаған жылдарға созылған азап шегуімен ғана емес, Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көзқарасымен де анықталған.
"Мәселе талқылауға түскеннен бері Назарбаев ядролық арсенал жаңа тәуелсіз елдің қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына ұзақ мерзімді кепілдік бермейді деген ұстанымды ұстанды. Негізінде, "шекті елдер" деп аталатын әлемдік мысалдар бұл идеяны айқын растайды. Осылайша, Қазақстан "нөлдік ойын" логикасына қайшы келіп, ядролық арсеналдан және тиісті инфрақұрылымнан өз еркімен бас тартты. Бұл Қазақстан мен бүкіл әлем үшін бірқатар ұзақ мерзімді салдарға ие серпінді және прогрессив шешім болды".
Маңғышлақ АЭС. АЭС басқару тақтасы. 1977 жыл. Сурет: © РИА Новости
Ерлан Мәдиев еліміз халықаралық жүйеге тиімді ықпалдасып, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналды деп есептейді.
"Ядролық бестіктен қауіпсіздік кепілдігін алған Қазақстан өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде танытты, бұл елімізге геосаяси тұрғыдан басқа маңызды экономикалық дивидендтер берді. Осының арқасында еліміз өңір үшін рекорд 300 миллиард доллардан аса шетелдік инвестиция тарта алды", - деді ол.
Екіншіден, Қазақстан ядролық қаруға қарсы және бітімгершілік туралы кең ауқымды бастамаларды ұсынуға моральдық құқық алды, бұл біздің елімізді әлемдік саясаттың эпицентріне орналастырды.
"Атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау саласындағы соңғы шешімдердің бірі Қазақстанның өз аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік аясында әлемдегі алғашқы Төмен байытылған уран банкін құру туралы ұсынысы болды. Бұл елдерге уранды байыту бойынша өз бағдарламаларын өрістету қажетінсіз бейбіт атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірегей тетік", - деді сарапшы.
"Бұл екі ірі ядролық державаның маңында орналасқан жас мемлекеттің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызды".
Мәдиевтің айтуынша, үшіншіден, Қазақстан өзінің ядролық әлеуетінен бас тарту арқылы Орталық Азияның бүкіл аймағын ядролық қарусыздандыруға шақырды.
"Қазақстанның бұл бағыттағы маңызды үлесі ядролық қарудан азат Орталық Азия аймағын құру болды, соның арқасында Еуразияның қақ ортасында қақтығыстың өсуіне жол берілмеді, сондай-ақ өңірдің әлемдік процестерге тиімді интеграциялануы үшін базалық жағдайлар жасалды.
Қазақстанның саясаты өңірдегі елдер үшін тұрақтандырушы болып әсер етті, олар ядролық бестікте қауіпсіздік кепілдігін алды".
Төртіншіден, Қазақстанның тәуелсіздігі аясында қабылданған тарихи шешімдер, ядролық қаруды таратпау, қарусызданудың жаһандық процесіне жаңа серпін берді.
"Жаһандық күн тәртібінде қатаң шектеу керек дегеннен, толық жойылуы керек деген талқылауға ауысты. Семей полигоны жабылғаннан кейін әлемдегі басқа да ірі ядролық полигондар: Невада, Новая Земля, Лоб-Нора және Муруроа жабылды. Сонымен қатар, БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойылды", - деп есептейді Мәдиев.
Сарапшы бүгінде жаһандық ядролық қауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылық саласындағы ахуал үлкен алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты.
"Ірі ядролық державалар қару жарысын дамытуды жалғастырып жатыр.
Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы сияқты өңірлік және жаһандық тұрақтылықты елеулі түрде бұзатын бірқатар өңірлік проблемалар шешілмеген күйінде қалып отыр.
Бұдан басқа, әскери салада жасанды зердені қолдануды қоса алғанда, озық технологиялардың қарқынды дамуы ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында сапалы жаңа сын-тегеуріндерді қалыптастырады".
Мәдиевтің айтуынша, бүгінгі дағдарыстың басты себебі - негізгі ойыншылар арасында тиісті сенім деңгейінің болмауы.
"Бұл біз жиі ұмытып кететін қарапайым шындық. Бірақ нақ осы сенім кез келген күрделі геосаяси жанжалдар мен дағдарыстарды шешудің негізінде жатыр.
Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тәжірибесі осыны айғақтайды. Тұңғыш Президент саясатының арқасында еліміз жанжалсыз дамудың табысты екенін дәлелдеді және бүкіл адамзатқа ядролық қарусыз әлем құру жолын көрсетті", - деп түйіндеді сарапшы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!