Sergek ITS сарапшылары Астанадағы көлік жүктемесі жоғары қиылыстарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зерттеу барысында қиылыстардың жүктемесі келесі параметрлер бойынша бағаланған:
- қозғалыс қарқыны (қазіргі жүктеме мен максималды өткізу қабілетінің қатынасы);
- қиылыстағы ағынның орташа жылдамдығы;
- қиылыстағы көлік кезектерінің ұзындығы;
- жолдардың жүктеме деңгейі;
- кептелістің жүйелілігі;
- кептелістің ұзақтығы.
Зерттеу нәтижелері бойынша қаладағы ең көлік ағыны көп қиылыстар мыналар болып шықты:
- Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы;
- Достық көшесі – Ақмешіт көшесі;
- Тұран даңғылы – Сарайшық көшесі;
- Достық көшесі – Түркістан көшесі;
- Сарайшық көшесі – Ақмешіт көшесі;
- Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі;
- Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшесі;
- Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі;
- Достық көшесі – Сауран көшесі;
- Қонаев көшесі – Түркістан көшесі;
- Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы;
- Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы көшесі;
- Кенесары көшесі – Жеңіс даңғылы;
- Республика даңғылы – Сейфуллина көшесі;
- Валиханов көшесі – Сейфуллина көшесі.
Сарапшылардың айтуынша, осы учаскелерде жиі кептеліс болады, бұл қалада қозғалысты қиындатып, жүргізушілердің уақытын ұзартады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!