Сарапшылар Астанадағы көлік ағыны ең көп қиылыстарды атады

Фото:depositphotos.com

Sergek ITS сарапшылары Астанадағы көлік жүктемесі жоғары қиылыстарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sergek ITS сарапшылары Астанадағы көлік жүктемесі жоғары қиылыстарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеу барысында қиылыстардың жүктемесі келесі параметрлер бойынша бағаланған:

  • қозғалыс қарқыны (қазіргі жүктеме мен максималды өткізу қабілетінің қатынасы);
  • қиылыстағы ағынның орташа жылдамдығы;
  • қиылыстағы көлік кезектерінің ұзындығы;
  • жолдардың жүктеме деңгейі;
  • кептелістің жүйелілігі;
  • кептелістің ұзақтығы.
Реклама
Реклама

Зерттеу нәтижелері бойынша қаладағы ең көлік ағыны көп қиылыстар мыналар болып шықты:

  • Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы;
  • Достық көшесі – Ақмешіт көшесі;
  • Тұран даңғылы – Сарайшық көшесі;
  • Достық көшесі – Түркістан көшесі;
  • Сарайшық көшесі – Ақмешіт көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі;
  • Достық көшесі – Сауран көшесі;
  • Қонаев көшесі – Түркістан көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы;
  • Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы көшесі;
  • Кенесары көшесі – Жеңіс даңғылы;
  • Республика даңғылы – Сейфуллина көшесі;
  • Валиханов көшесі – Сейфуллина көшесі.

Сарапшылардың айтуынша, осы учаскелерде жиі кептеліс болады, бұл қалада қозғалысты қиындатып, жүргізушілердің уақытын ұзартады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама