23 желтоқсан 2014 | 15:42

Сарапшылар ЕАЭО нормаларын енгізуді шегере тұру туралы ұсынысқа қатысты ойларын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ruskidom.rs ©ruskidom.rs

Саясаттанушылар Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың "Ресейдегі дағдарысқа байланысты Еуразиялық экономикалық одақ нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыру керек" деген ұсынысына қатысты пікірлерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Саясаттанушылар Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың "Ресейдегі дағдарысқа байланысты Еуразиялық экономикалық одақ нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыру керек" деген ұсынысына қатысты пікірлерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саясаттанушы Құбаш Меңдіғалиев Қасымов айтқан бұл ұсынысты қолдайды. "Өз басым Ғани Қасымовтың бұл ұсынысын қолдауға мәжбүрмін. Ресейдің сыртқы саясаттағы ұстанымдары Қазақстанның сырты саяси ұстанымдарымен сәйкес келмейді. Біз - өз алдына бөлек елміз. Сондықтан мемлекеттер арасындағы экономикалық одақ мәселесінде Ресейдегі дағдарыстан Қазақстан мен оның азаматтары және басқа елдер де зардап шекпеуі тиіс", - дейді ол. Оның пікірінше, Ресейдегі дағдарыс реттелгенше Қазақстан тарапы өз шарттарын ұсынуға құқылы және бұл табиғи заңдылық болып саналады. 

Саясаттанушы Айдос Сарым да бұл пікірді құптайды. "Өзіміз де көріп отырмыз, Ресейдегі экономикалық жағдайдың ушығуы тек Ресей экономикасына емес, көршілес елдердің экономикасына да теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан Қасымовтың ұсынысын қолдау керек, оның ішінде, әсіресе, 1 қаңтардан бастап күшіне енетін келісімшарттарды бұзу керек, болмаса уақытын екі-үш жылға шегеру керек", - деді ол.

"Ақ жол" ҚДП төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы Мақсат Жақау мұндай пікірлермен келіспейді. Оның айтуынша, ЕАЭО нормаларын енгізуді кейінге қалдыру-қалдырмау мәселесі жеткілікті зерттеудің нәтижесінде ғана айтылуы керек, ал Ғани Қасымовтың ұсынысы - қарапайым азаматтық пікір ғана. "Нақты деректерді осы уақытқа дейін ЕАЭО аясында жасалған келісімдерді, кедендік құжатнамаларды ішкі заңнамалармен өзгерту, тауар айналымында Қазақстаннан бұрын Ресейдің ішкі нарығына еркін енуге мүмкіндік беретін бюрократиялық кедергілерді жою сияқты келісілген қадамдарды жүзеге асырып барып айту керек. Бұл осы уақытқа дейінгі екіжақты мәмілелердің бекерге кетуіне ықпал етпеуі тиіс деп есептеймін", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, мәселе ЕАЭО нормаларын енгізу-енгізбеуде емес, өзара келісілген құжаттардың тиімді орындалуында. "Битке өкпелеп, тонды өртемеу керек. Сол себепті, ЕАЭО аясындағы басталған келісімдерді қайта қарауға негіз жоқ. Мәселе екіжақты не көпжақты келісілген дүниелердің орындалуын жете қадағалауда болып тұр", - дейді ол. Жақау ЕАЭО аясында оған мүше елдер келісімдерінің бәріне ортақ, тең құқылы жағдайда болатынына сенім білдіреді, бұлай болмаған жағдайда "Елбасымыздың "ұлттық мүддеміз жүзеге аспаған уақытта Қазақстан кез келген уақытта мұндай одақтан бас тарта алады" деген сөзін естен шығармау керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін саясаткер Ғани Қасымовтың ЕАЭО нормаларының күшіне енуін бір жылға шегере тұру туралы ұсыныс айтқаны хабарланған еді. Ол бұған себеп ретінде Ресей экономикасындағы дағдарысты атады. "Мұндай есеңгіретерлік құлдыраудан кейін, экономикалық төмендеуден кейін біз экономикалық тұрғыдан бауырласа алмаймыз. Олардың дағдарысы біздің және Беларусьтің жағдайын ушықтырады", - деді Қасымов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети