ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2021 | 14:30
Сарапшылар пікірі: Неліктен Қазақстанда инклюзив оқыту мәселесі өзекті?
Ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге оқи алатын нормотипті балалардың ата-аналары неден қорқады? Ерекше балаларды қай жерде әлеуметтендірген жақсы - қарапайым мектептерде немесе арнайы интернаттарда? Инклюзив білім беру тәжірибесі Қазақстанның білім беру жүйесінt қандай міндеттер қояды? I-BALAQAI арнайы шығарылымында инклюзив білім беру сарапшылары пікірлерін бөліседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар - Alash Media Group және Montessori Qazaqstan Public Fund медиахолдингі. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте"әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңес беріп, ұсыныстарын айтады.
Бүгін, 18 ақпанда сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. Инклюзив білім беру бойынша сарапшылар пікір білдіреді:
- Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова
- "Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы" қоғамдық қорының президенті Салтанат Мурзалинова-Яковлева
- логопед, Израильден келген коммуникациялық терапевт Марина Тредлер
- Оулу, Финляндия консультациялық бөлімінің басшысы Паулина Канерво
Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады.
RTS Decaux компаниясына бағдарламаны түсіруге локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также