1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сарапшылар пікірі: Неліктен Қазақстанда инклюзив оқыту мәселесі өзекті? 18 ақпан 2021, 14:30

Ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге оқи алатын нормотипті балалардың ата-аналары неден қорқады? Ерекше балаларды қай жерде әлеуметтендірген
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге оқи алатын нормотипті балалардың ата-аналары неден қорқады? Ерекше балаларды қай жерде әлеуметтендірген жақсы - қарапайым мектептерде немесе арнайы интернаттарда? Инклюзив білім беру тәжірибесі Қазақстанның білім беру жүйесінt қандай міндеттер қояды? I-BALAQAI арнайы шығарылымында инклюзив білім беру сарапшылары пікірлерін бөліседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар - Alash Media Group және Montessori Qazaqstan Public Fund медиахолдингі. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте"әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңес беріп, ұсыныстарын айтады.  

Бүгін, 18 ақпанда сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. Инклюзив білім беру бойынша сарапшылар пікір білдіреді: 

  • Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова
  • "Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы" қоғамдық қорының президенті Салтанат Мурзалинова-Яковлева
  • логопед, Израильден келген коммуникациялық терапевт Марина Тредлер
  • Оулу, Финляндия консультациялық бөлімінің басшысы Паулина Канерво 

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады. 

RTS Decaux компаниясына бағдарламаны түсіруге локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram