Сарапшы Қазақстанда неге алкогольге тыйым салмау керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшы Қазақстанда неге алкогольге тыйым салмау керек екенін айтты © pexels.com

"Амансаулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова қазақстандықтарды алкогольді аз ішуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Амансаулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова қазақстандықтарды алкогольді аз ішуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сараптамадан байқағанымыз, алкогольге толықтай тыйым салынған елдерде заңсыз өнім қаптап кетті. Алкогольді тұтыну бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген елдердің тәжірибесін алу керек. Бұл өте күрделі процесс, сондықтан кезең-кезеңмен жүргізілуі тиіс", - деді ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында Түменова.

"Қазақстанда әлемнің ең дамыған 30 ел қатарына ену деген мақсат қойылған. Бұл жақсы, бірақ Қазақстан 15 жастан бастап ішетін адамдардың санынан Орталық Азияда бірінші орында. Яғни дамыған 30 елдің қатарына ену үшін алкогольді аз ішу керек. Жан басына шаққанда 15 жастан асқан бір адам елімізде жыл сайын 9 литрге жуық арақ ішеді. Көп пе, аз ба? Ал мен ішпесем, екінші адам 18 литр ішеді деген сөз. Осы 9 литрдің 65 пайызы - ауыр алкоголь сусыны", - деді Түменова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети