28 шілде 2016 | 16:10

Сарбаздар алғаш рет онлайн-режимде ата-аналарымен байланысқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Қазақстанның әрбір өңірінен Ұлттық ұлан қатарына Отан алдындағы борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздар онлайн-режимде ата-аналарымен байланысқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, бұл шара қоғамдық тәртіп әскерінде өтіп жатқан "Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан - елі мен халқына қорған!" атты акция аясында ұйымдастырылып отыр. 

Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың 29 шілдесінде сағат 11.00-де байланысқа алғаш боп әскери қызметке Қостанай облысынан шақырылған сарбаздардың ата-аналары қосылады. Осы күні 100-ден аса әке мен ана ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөліміне келіп, Отан қорғаушылардың өмірімен, тұрмыстық жағдайымен танысатын болады.

Сондай-ақ, шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов, Қостанай гарнизонының әскери прокуроры, облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, сонымен қатар 2015 жылғы желтоқсан мен 2016 жылғы маусымда Қостанай облысынан шақыртылған жауынгерлердің жақындары қатысады.

Кездесу барысында ата-аналар алдында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов сөз сөйлеп, қоғамдық тәртіп әскерінің жауынгерлік қызметі мен атқаратын міндеттері жайлы түсіндіреді. Сондай-ақ, қонақтардың назарына балаларының сәлемдемесі жолданған бейнежазбалар ұсынылып, перзенттері қызмет атқарып жатқан әскери бөлімнен тікелей байланыста хабарласуға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, бұл шара Қазақстан Қарулы Күштері арасында алғаш рет өткізіліп отыр екен. Тамыз айының басында эстафетаны әскерге Ақмола облысынан шақырылған сарбаздардың ата-аналары жалғастырады. Жылдың соңына дейін осындай кездесулерді ҚР Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімдерінде өткізу жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети