Алматыда мамандар әзірлеу және әскери білімді жетілдіру мақсатында әскери оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін әскери міндеттілерді, яғни запастағы офицерлерді, сарбаздарды, сержанттарды іріктеу жұмыстары басталды.
Аталған жиынға Алматы қаласынан 200-ден аса адам қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиындық іс-шаралардың маңызды элементтерінің бірі жұмыстағы азаматтарға тұратын жағдай жасау және жалақысының орнына өтемақы төлеу болып табылады. Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдай тұрады. Азық-түлікпен және заттық мүлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бұдан өзге, жиынға шақырылған әскери міндеттілерге барлық кезең үшін және олардың әскери бөлімге дейін және кері қайтатын жолын қоса есептегенде жұмыс орны, атқаратын лауазымы сақталады. Сондай-ақ оларға республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақы төленеді.
Жиын "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде және Құрлық әскерлері әскери институтының базасында взвод командирлерін, танк экипаждарын, зеңбірекшілер, мергендер, саперлер, гранатаатқыштар, медициналық саладағы арнайы мамандар және басқаларын әзірлеу мақсатында өткізіледі.
Аталған әскери жиын аяқталысымен жиында оқуды сәтті бітірген және жақсы мінездемеге ие болған әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар беріледі.
Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері әскери міндеттілерді осындай жиындарға шақыруды жүзеге асыратынын айта кеткен жөн.