Сарқандағы зиратты егістіктен келген су басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарқандағы зиратты егістіктен келген су басып қалды Кескін Mid journey нейрондық желісінің көмегімен жасалынды

Жетісу облысының Сарқан қаласындағы христиан зиратын егістіктен келген су басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысының Сарқан қаласындағы христиан зиратын егістіктен келген су басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан бейне әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда егістіктен келген су басқан зират көренеді. Суда гүл шоқтары, қабір кресттері жүзіп жүр. Видео авторының айтуынша, жергілікті фермер соя суарамын деп жергілікті зиратты су астында қалдырған.

"Әкімдік, жер инспекциясы, прокуратура не істейміз? Өйткені, бұл толық бейберекетсіздік. Қайда бару керек, кімге жүгіну керек, бұған не істеуге болады?" - дейді ер адам видеода.

Сарқан аудандық әкімдігі жағдайды түсінетіндерін хабарлады. Билік жерлеу орындары су астында қалуына кінәлі жер иесінен учаскені алып қоюды көздеп отыр.

"Бұл учаскеде су беру толығымен жабылды. Суды ағызу үшін арнайы санитарлық канал қазылғанға дейін су сатылмайды. Учаске иесіне санитарлық аймақты су төгетін канал құрылғылары түрінде құру қажеттілігі туралы бірнеше рет ескертілді, ол оны мүлдем елемеді. Осыған байланысты аудан әкімдігі жер және су кодекстерінің нормаларын бұзғаны және сақтамағаны үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою бойынша жұмыстар жүргізетін болады", - деп мәлімдеді Сарқан аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігі учаске иесіне қатысты шаралар қабылдау үшін полицияға хат жолдаған.

"Сарқан ӨКП зиратты су басу дерегі бойынша кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына жіберілген материал жинады. Материалдардың көшірмесі Сарқан ауданының жер қатынастары бөліміне жолданды. Облыстық полиция департаменті тарапынан да бұл мәселе бақылауға алынады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети