Сәрінжіпов мектептерде оқулық жетіспеген жағдайда жаза қолданылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі өңірлік ұжымдастарымен өткен селекторлық жиын барысында айтты.
Сәрінжіпов мектептерде оқулық жетіспеген жағдайда жаза қолданылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі өңірлік ұжымдастарымен өткен селекторлық жиын барысында айтты.
"Ертең премьер-министрдің төрағалығымен үкімет отырысы өтеді. Осы мәселе сол жерде қозғалады. Жоспар орындалмаған облыстардың әкімдеріне жаза қолдану туралы ұсыныс жасаймыз. Бұл басқармаларға, аудандарға қатысты. (...) Бұл мәселеге облыстың және аймақтың әкімдері жауапты болғандықтан қандай жаза қолдану керектігін өздері шешсін", - деді Сәрінжіпов облыстық білім беру басқармаларының өкілдерімен селекторлық жиын барысында.
Білім және ғылым министрі оқулық мәселесін шешуге берілген уақыттың бүгін соңғы күні екенін еске салды. "Біз кесте жасадық. Облыстарды қорландыру циклі бойынша толықтай қаржыландырдық - төртінші, бесінші, алтыншы және он бірінші сыныптарды. Қаражат жетпеген аймақтың әкімдерімен бірге кітаппен қамтамасыз ету үшін толық қаржыландыру мәселесін қайта қарадық. Наурыз айынан бастап жергілікті органдар оқулықтарды толықтай жеткізуі керек болған", - деді Сәрінжіпов.
Жиын барысында Ақтөбедегі 70 мектептің жартысы ғана оқулықтармен қамтылғаны белгілі болды. "Көріп отырғандарыңыздай, кітаптың жетіспеушілігі әлі де бар. Қыркүйектің ортасына дейін кей сыныптарға арналған оқулықтарды алып үлгермейміз. Бірінші қыркүйекке дейін мектептердің 50 пайызы оқулықтарын алып үлгермейді. 15 қыркүйекке дейін мәселе толық шешіледі", - деді Ақтөбе Білім беру басқармасының өкілдері.
"Биыл біз ауқымды жұмыстар атқардық. Қаңтарда жоспарды мақұлдап, қаражат бөлдік, мәслихаттар бұр қаражатты мақұлдады. Еліміз бойынша жұмыстар жүргізілді. Егер кей аудандар жоспарды орындамаса, Ақтөбе орындамаса, онда сіздер бүкіл жүйені бұздыңыздар. Облыс әкімдері бұған жаза қолдансын", - деді білім және ғылым министрі.