ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның әлемдік деңгейдегі колледж құру идеясына қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның әлемдік деңгейдегі колледж құру идеясына қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кәсіпқор" халықаралық колледждерін ашу жоспарымыз бар. Бұл колледж Атырауда Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі сияқты жұмыс істеп тұр. Бұл - шетел мамандары сабақ беретін халықаралық колледж, жобаны канадалықтармен бірге жасадық. Ал айтылған сөздерге (Назарбаеваның - Авт.) келсек, мұнда no comments. Мұны дұрыс жоба деп есептейміз, оны қорғаймыз, ары қарай жылжыта береміз", - деді Сәрінжіпов Парламент Мәжілісіндегі үзілісте Tengrinews.kz тілшісіне жауап беріп жатып.
Оның айтуынша, Алматы мен Астанада халықаралық колледждердің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Екібастұз бен Өскеменде өңіраралық орталықтарды соғып бітіріледі. "Айтылған сынға келсек, біз сынған әрқашан байыппен қараймыз, өз ісімізді түзете аламыз. Егер бұл түсінбеушіліктен туып жатса, біз қосымша ақпарат бере аламыз, мәселе көріп тұрған жоқпыз. Бұл әдеткі сөзталас, әдеткі талқылау", - деді министр.
Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева әлемдік деңгейдегі колледж ашу идеясын "колхоз" және "мамбетизм" деп атаған еді. "Жалпы "әлемдік деңгейдегі колледж" деген атаудың өзі құрметті Остап Бендердің "Нью-Васюки" атты ірі жобасын еске салады". "Әлемдік деңгейдегі" деген сөз - бұл "колхоз және мамбетизм", шынымды айтайын! "Әлемдік деңгей" деген не? Бізде не индустрия әлемдік деңгейде гүлденіп жатыр ма?", - деп мәлімдеді ол Мәжіліс комитетінің "Кәсіпқор" холдингінің қызметі жөніндегі отырысында.