Сәрсекбаевтың даулы пәтерді өзі сыйлағаны видеодан көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәрсекбаевтың даулы пәтерді өзі сыйлағаны видеодан көрсетілді Бақыт Сәрсекбаев. ©tengrinews.kz

Бейжің Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаевтың жеке жаттықтырушысы әрі туған нағашы ағасы Кәрім Махмудовқа пәтерін сыйлағаны туралы видео сотта көрсетілді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кету керек, белгілі спортшы 2009 жылы бапкеріне өзі сыйлаған пәтерін сот арқылы қайтарып алмақшы болып жатыр. Бүгін сот барысында тренерінің 55 жасындағы тойында Бақыт Сәрсекбаевтың пәтерді өзі сыйға бергені видеодан көрсетілді. Бұдан бұрын Бақыт Сәрсекбаев "мен бапкеріме пәтерді сыйға бергенімді жоққа шығармаймын. Бірақ пәтерді сыйлар кезде біздің арамызда өзара келісім болды. Ол сол кезде: "Сені Лондон Олимпиадасына дайындаймын, ұлттық құрамада боласын" деп ауызша уәде берген. Алайда, сол уәдесінде тұрған жоқ" деген болатын. Жаттықтырушысының уәдесінде тұрмағанына байланысты енді ол сыйға берген пәтерін қайтарып алуды ұйғарыпты. Қазір дау Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында қаралып жатыр. Жаттықтырушысы Кәрім Махмудовтың атынан сотқа екі адам қатысуда. Махмудов Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында өзінің сотқа қатыспайтынын, Сәрсекбаевтың бұл ісі үшін ұялатынын, тіпті оны көргісі де келмейтінін айтқан еді. Осы мәселеге байланысты А. Перуашев та Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында жұртшылық назарын мынаған аударады. "Бұл мәселеден менің ептеп хабарым бар. Кезінде Бақыт Бейжің Олимпиадасынан алтын жүлдемен оралғанда менің өтінішім бойынша достарым оған 4 пәтер сыйлаған болатын. Осы азаматтың 2004 жылы Өзбекстаннан елімізге келуіне ықпал жасаған да өзіммін. Жалпы, біз Бақытты ұлы боксшы ретінде білеміз. Енді ол пәтер дауына қатысты жанжалды түсініктікпен, азаматтық тұрғыдан шешеді деп ойлаймын" дейді А. Перуашев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети