Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам еріді деген мәлімет жалған - Әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам еріді деген мәлімет жалған - Әкімдік

Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам еріді деген мәлімет жалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Сарыағаш қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарыағашта күннің ыстығынан бағдаршам еріді деген мәлімет жалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Сарыағаш қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Айтакетейік, мұның алдында "Сарыағашта күн ыстығынан бағдаршамдар еріп кетуде" деген тақырыппен бірқатар БАҚ-та мақала жарияланған еді.

"Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы арқылы өтетін Республикалық маңызы бар А-15 "Шымкент-Жетісай" автожолы мен Қазыбек би көшесі қиылысында орналасқан бағдаршамды 17.07.2019 жылы таңғы сағат 10:30 шамасында үлкен жүк көлігі соғып бағдаршамның бір шетін сындырған. Оқиға орнына жол потрульдік полиция қызметкерлері келіп, тиісті хаттамасын толтырып бағдаршамды жөндеуге кететін шығын өндірілді. Бүгінгі таңда "Сарыағаш-Тазалық" МКК-ы тарапынан бағдаршамды жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдіктегілер.


Суреттер Сарыағаш әкімдігінен

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде таралған видеода ер адам жол бойында келе жатып, бүлінген бағдаршамды түсіреді де, оны күннің ыстығынан еріді деген тұжырым жасайды.

Жаңбыр, найзағай. Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети