09 тамыз 2021 | 15:40

Сары фосфор тиелген вагон өрті: ауаны тексеру нәтижесі жарияланды

Қазгидромет Арыс станциясындағы өртке байланысты ауа сынамаларына жасалған жоспардан тыс іріктеу нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет Арыс станциясындағы өртке байланысты ауа сынамаларына жасалған жоспардан тыс іріктеу нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт шыққан Наурыз шағынауданы қаланың шет жағында, оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Онда 1700 адам тұрады.

"Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, күкіртті сутек, формальдегид және аммиак. Өлшеу 6 нүктеде жүргізілді. Олар:

№ 1 нүкте: Қазыбек би көшесі, Орталық алаң (т/ж вокзалы ауданында).

№ 2 нүкте: Өркендеу көшесі, Наурыз шағынауданы, іріктеу уақыты 14:15.

№ 3 нүкте: Қаланың солтүстік бөлігі.

№ 4 нүкте: Е.Молдабаев атындағы орта мектеп, Мадалиев көшесі.

№ 5 нүкте: орталық аудандық аурухананың жаны, Жұмабаев көшесі.

№ 6 нүкте: аудан әкімдігінің жаны, Еркобек көшесі.

Өлшеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. Радиациялық фонның деңгейі норма шегінде", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазгидромет мәліметінше, сары фосфор - өте улы, спецификалық сарымсақ иісті зат. Суда ерімейді, ауада тез тотығады және фосфор оксидінің ақ түтінін түзіп, өздігінен жанады.

Еске салайық, 6 тамызда Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан пойыздың екі фосфор тиелген контейнерінен өрт шықты. Будақтаған ақ түтін жұрттың зәресін ұшырды. Кейінірек Арыста ықшамаудан тұрғындары эвакуацияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная