06 тамыз 2021 19:14

Арыста қою түтін жұрттың үрейін ұшырды. Желіде оқиғаның видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласында пойыз вагонынан шыққан өрт. © arys_kalasy_akimdigi

Арыста жүк вагонынан өрт шықты. Тұрғындар қою түтін шыққанына үрейленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Арыста жүк вагонынан өрт шықты. Тұрғындар қою түтін шыққанына үрейленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Алайда әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.

"6 тамыз күні 17.00 шамасында Арыс темір жол станциясының вагон паркі маңында жүк вагонында өрт шықты. Қазіргі кезде оқиға орнында тиісті сала мамандары шұғыл өрт сөндіру жұмыстарымен айналысыпж тары", - делінген әкімдіктің Instagram желісіндегі хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арыс қаласының әкімдігі (@arys_kalasy_akimdigi)

Сондай-ақ, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев тілшімізге берген сұхбатында вагон пойыздан бөлек шығарылып, қауіпсіз жолға қойылғанын хабарлады.

"Оқиға басқа пойыздарға әсер етпеді. Қазіргі уақытта ТЖД 26 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. ҚТЖ-ның 12 қызметкері және бір дана техника мен өрт сөндіру пойызы тартыды. Сондай-ақ, Арыс қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылды. Сондай-ақ 44/859 ӘБ әскери бөлімінің әскери қызметшілері 8 адам және 2 дана техника. Оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бекеті қойылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Ерік Сарыбаев.

"Алдын ала ақпарат бойынша, контейнерде сары фосфор бар", - деп қосты ол.

РИА Новости мәліметінше, сары фосфор - улы зат. Ауада оңай тотығады және өздігінен тұтанады. Ол қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянын тигізеді.

Өрттің видеолары YouTube-те те пайда болды:

Еске салайық, 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында бернеше жарылыс болған. Нәтижесінде үш адам қаза болды: бір бейбіт тұрғын және екі әскери қызметші. 200-ге жуық адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Арыс қаласының барлық тұрғынын эвакуациялауға, ал қаланы "қайта" салуға тура келді. Ал таяуда кінәлілерге қатысты сот үкімі шыққанын жазған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети