07 тамыз 2021 08:50

Арыстағы өрттің алдын ала себебі аталды. Қалада ауа тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста өрт шыққан жүк вагонын сөндіру сәті Арыста өрт шыққан жүк вагонын сөндіру сәті

Түркістан облысы әкімдігі өкілдері Арыстағы өрттің алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы әкімдігі өкілдері Арыстағы өрттің алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эвакуация мен уақытша орналастыру үшін 4 эвакуациялық пункт ашылған. Түркістан облыстық ТЖД шұғыл желі ашқан. 19.22-де өрт оқшауланған.

"Қазіргі уақытта бүлінген теміржол платформасынан контейнерлерді түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт 6 тамызда сағат 19.22-де ауыздықталып, 21.55-те сөндірілді. Су төгіліп, контейнерлер босатылып жатыр", - деді өңір әкімдігінің өкілдері.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өрт жойылғаннан кейін ауа сынамасын алатыны айтылады. Өрттің болжанып отырған себебі - резервуардан ағып кеткен сары фосфордың өздігінен жануы.

Полиция департаменті 6 блокбекет ұйымдастырды, апат орындары мен елді мекеннің аумағы қоршалды.

Еске салайық, 6 тамызда Жамбыл облысынан Ресейге бара жатқан пойыздың екі фосфор тиелген контейнерінен өрт шыққан. Будақтаған ақ түтін жұрттың зәресін ұшырған. Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев тілшімізге берген сұхбатында вагон пойыздан бөлек шығарылып, қауіпсіз жолға қойылғанын хабарлады.

"Оқиға басқа пойыздарға әсер етпеді. Қазіргі уақытта ТЖД 26 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. ҚТЖ-ның 12 қызметкері және бір дана техника мен өрт сөндіру пойызы тартыды. Сондай-ақ, Арыс қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылды. Сондай-ақ 44/859 ӘБ әскери бөлімінің әскери қызметшілері 8 адам және 2 дана техника. Оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бекеті қойылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Ерік Сарыбаев.

"Алдын ала ақпарат бойынша, контейнерде сары фосфор бар", - деп қосты ол.

Сары фосфор - улы зат. Ауада оңай тотығады және өздігінен тұтанады. Ол қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянын тигізеді.

Кейінірек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Арыста ықшамаудан тұрғындары эвакуацияланатынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети