Сарыағашта жоғалған 13 жастағы қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарыағашта жоғалған 13 жастағы қыз табылды © polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды тауып, отбасына қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысының полицейлері жоғалған 13 жастағы қызды тауып, отбасына қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, күндізгі сағат 16:30 шамасында 13 жастағы қызы қазір келемін деп, үйінен шығып, содан оралмаған.

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында, сыныптастарының үйлерін жеке-жеке аралап, мектеп басшыларымен байланысты. Білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде төрт сағатта қыздың жүрген жері анықталды. Ол өзінің үйінен кейінгі 4-көшеде жалғыз келе жатқан жерінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.

Қыз ата-анасына ескертіп, құрбыларымен тамақтану орталығына шыққаны белгілі болды. Алайда ата-анасы қызының сөзіне мән бермеген. Осылайша қызын жоғалды деп ойлап, тәртіп сақшыларына хабарлаған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.

Аталған жайтқа байланысты жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы тұста полицейлер ата-аналарға, өз ұл-қыздарымен сөйлесіп, өтпелі кезеңінде дос ретінде олардың ойына мән беруді ескертеді. Сондай-ақ оларды үнемі бақылауда ұстау керегін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети