Түркістан облысының полицейлері Сарыағаштағы пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері Сарыағаштағы пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сарыағаш АПБ-не пошта бөлімшесінің қызметкері белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 35 миллион теңгені ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Бұл деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеген.
Көрсетілген мекенжай бойынша оқиға орнына барған тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият тексеріп, басқа заттай дәлелдемелерді зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері пошта қызметкерлерінің бірі болып шыққан күдіктіні анықтады.
Сондай-ақ, тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктіге қылмыс жасауға көмектескен оның екі серіктесін анықтады. Олардың бірі - жергілікті тұрғын, ал екіншісі - Семей қаласының тұрғыны.
Пошта қызметкері екі серіктесімен бірге алдын ала келісіп, алаяқтық жолмен мекеме қорынан ақша ұрлап, оны өз шотына аударған. Ұрланған ақшаны өзара бөліскен.
Қазір бұл қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!