"Сарыарқа" мен "Достық" метро станциялары 2021 жылы ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сарыарқа" мен "Достық" метро станциялары 2021 жылы ашылады "Достық" станциясының жобасы. Фото ©tengrinews.kz

Алматыда биыл "Сарыарқа" мен "Достық" метро станциялары ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда биыл "Сарыарқа" мен "Достық" метро станциялары ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл "Жаңа Алматы" жоспары аясында 40,4 шақырым жаңа жол салынып, 200 шақырымнан аса жолға орташа жөндеу жүргізіледі, үш жолайрық құрылысы мен төрт көшені ұзарту жобалары жалғасады. Сондай-ақ, "Сарыарқа" және "Достық" метро станцияларының құрылысын аяқтау және "Қалқаман" станциясының құрылысын жалғастыру көзделген.

Инженерлік желілер бойынша бірқатар проблеманы жүйелі шешу үшін "Ақсай" су жинау станциясы, Наурызбай ауданында коллектор салынады. Бұдан басқа, 170 шақырым су құбыры және 145 шақырым кәріз желілерінің құрылысы жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети