28 сәуір 2020 15:54

Сарысу әкімі Төменгі Шуда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек аудан орталығынан шалғайда жатқан Төменгі Шуға іссапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек аудан орталығынан шалғайда жатқан Төменгі Шуға іссапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан басшысы Жайлаукөл ауылының қарияларына жеке-жеке кіріп, округтегі маңызды мәселелер турасында сөйлесіп, сауалдарына жауап берді.

Бюджеттің көп қаражатын жұмсамай, оңтайлы, ықшамдалған шығынмен ауыл жолдарын жаңарту, елді мекендерге ауыз су тарту мәселесі Төменгі Шу бойында оңтайлы іске асып жатыр.

Талай жылдар арман болған облыстық маңызы бар Жайлаукөл-Қамқалы арасындағы 31 шақырым автокөлік жолын орта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарына жұмылған "Тараз-Көлік-Жолы"-ЖШС-нің жұмыс қарқын көрген Шу бойындағы ағайынның қуанышы зор.

Бүгінде Шу бойындағы тұрғындар Президентіміздің соңғы  мәлімдемесін жылы қабылдап, дертке байланысты әрбір отбасы карантин режиміне бағынып, елден өзге аймақтарға шықпауды жөн санап үйлерінде отыр.

Мектеп ұстаздары телефон арқылы қашықтықтан оқушыларға "Балапан", "Ел арна" телеарналары арқылы нұсқаулар беріп сабақ үлгерімдерін қадағалап жатыр. Досбол-Шығанақ, Ұланбел-Жайлаукөл бағытында бақылау пункттері дұрыс жолға қойылған. Учаскелік полиция өкілі мен жергілікті әкімшілік аппараты қызметкерлерімен қоса ерікті ауыл  азаматтары, жастар кезекшілік жасап жатыр.

Ерінбей еңбектенген адамға жұмыс жетеді Шу бойында. Теңіздей толқынданған тұзы мен еліміздің түкпі-түкпіріне кетіп жатқан қызыл тасы, өзен-көлдердің бойындағы қамыс құрағының өзі бір ауданның малына асырай алатын алқапта жайқалып тұр.

Бүгінде округте -1684 бас мүйізді ірі қара, 9538 қой-ешкі, 561 бас жылқы, 103 бас түйе, 313 құс бар.

Сонымен қатар, Конго-Қырым гемморрагиялық  қызбасының алдын алу шаралары аясында  малға, қора-жайларға  арнайы дәрілер үш ауылға  барлығы - 157400 шаршы метр жерге залалсыздандыру дәрісі себілді.

Ертеңінен зор үміт күттіретін ауылдықтардың қуанышы еселене түсуде. Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарына балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін 9 миллион теңгеге "Балалар ойын алаңы" салынатын болады. Мердігермен келісім-шарт жасалып, карантин аяқталысымен бұл жұмыстар жүзеге асатын болып келісілді.

Бір кездері ауылдан орталыққа қарай үдере көшкен елді көргенде шалғайда жатқан округтегілердің де мазасы қашып, ертеңіміз қалай болар екен деп ойланған болатын. Бүгінде сол ағайын елдің ертеңіне үмітпен қарап, тәуелсіздіктің жемісін көріп келеді. Қамқалы ауылдық округі аумағының жері негізінен құмды. Сексеуіл, жиде ағаштары көп өседі. Изен, жантақ, жусаны жайқалып тұрады. Ал көл жағасындағы қамыс құрақ, кең шабындық болады орақ кезінде.

Осындай шөлейтті, табиғи байлығы орасан аймақтағы Қамқалы, Жайлаукөл ауылдары енді жасыл-желекке оранбақ. Жасыл белдеу аясында 1600 қара тал көшеттері егіліп, сым темірмен қоршалды. Ауданда халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, кәсіппен айналысу жылдан жылға өсіп келеді. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында "Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі" деген болатын.

"Ауылда "Ақпункт", "геолог" тұз-кен орындары сапалы тұз өндіреді. Өнімдері Түркістан, Жамбыл облыстарымен қатар, Қырғыз Республикасына тасымалдануда. Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы "Асыл-Тұз" зауытына шикізат тасымалданыпөндірілуде. Қасиетті Рамазан айында Жайлаукөл ауылында Алланың ақ үйі бой көтермек. Тұрғындардың, істері ілкімді кәсіпкер азаматтардың жеке қаражаты есебінен мешіт құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети