"Сасықсың ғой сен" - Тұрғынға тіл тигізген шенеунік жұмысынан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сасықсың ғой сен" - Тұрғынға тіл тигізген шенеунік жұмысынан қуылды

Алматы облысы Іле ауданында тұрғынға тіл тигізген шенеунік жұмысынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Іле ауданында тұрғынға тіл тигізген шенеунік жұмысынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іле ауданы әкімдігінің қызметкеткері тұрғанға "сен сасықсың" деп тіл тигізген. 

Аудан тұрғыны әлеуметтік желіде әкімдік қызметкеріне шағым түсірген. Желіде жарияланған видеода мемлекеттік қызметкердің тұрғынға тіл тигізгенін көруге болады.

"Сен публикаға ойнама, сасисың (...) Сасықсың ғой сен. Мен сенімдімін, жауап беремін", - дейді шенеунік видеода.

Тұрғынның айтуынша, ол әкімдікте неге видеоға түсіруге болмайтынын білгісі келген. Осы уақытта оның алдынан кәсіпкерлік бөлімінің басшысы шығыпты.

"Неге әкімдік қызметкерлері смартфон пайдаланады? Ал бізге неге рұқсат жоқ? Менің ойымша, бұл біздің құқығымызды шектейді. Бір қызметкер ұялы телефонға түсіргенім үшін ашуланды. Ол карантин режимін бұзып жүргенімді айтты. Бірақ өзі маска тақпай, карантинді бұзып жүр", - дейді тұрғын.

Ол шенеунік "Мал, сасисың. Қазір еркектің бәрі көйлек кисін" деп өзіне тіл тигізгенін ашық айтты.

"Менде бұл видео бар. Ол дұрыс түсіндірудің орнына неге адамға тіл тигізеді?", - дейді тұрғын.

Tengrinews.kz редакциясы оқиғаның мән-жайын білу үшін Алматы обласының әкімдігіне хабарласты. Ондағы қызметкерлер бұл жағдайдан соң шенеуніктің жұмысынан қуылғанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети