Сәтбаевта қаңғыбас иттер 6 жасар қызды талап тастады: қала әкімдігі пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаевта қаңғыбас иттер 6 жасар қызды талап тастады: қала әкімдігі пікір білдірді Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Сәтбаев қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, иттер талап қайтыс болған 6 жасар қыздың отбасы қамқоршы және полиция органдарының есебінде тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтбаев қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, иттер талап қайтыс болған 6 жасар қыздың отбасы қамқоршы және полиция органдарының есебінде тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отбасында 6 жасар қыздан бөлек екі бала бар. Бүгінде олар "Қамқор" әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды.

"1993 жылғы әйел бірге тұратын адамымен және үш баламен қала шетіндегі саяжайда тұрып келген. Қолайсыз отбасы ретінде полиция есебінде болған. Бұл отбасы білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бақылауында. Бүгінде екі бала "Қамқор" әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды. Қайғылы оқиға болған күні бала әжесінің қарауында болған", - дейді әкімдік өкілдері.  

Әжесімен бірге жүрген қыз көшеге жалғыз қыдырып кеткен. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, оқиға сол сәтте болған. 

Қайғылы оқиға болғаннан кейін әкім орынбасары Дәуір Жүнісбеков марқұмның отбасына барып қайтқан. Қаладағы ветеринарлық станция қаңғыбас жануарларды аулау мен атуды жүйелі түрде жүргізіп жатқанын хабарлады. 

Еске салайық, бүгін қаңғыбас иттер 6 жасар қызды талап тастағаны хабарланған болатын. Иттер қызды жабылып қапқан. Ата-анасы қыздың дауысын естіп көшеге шыққан. Жедел жәрдем қызметкерлері тез жеткен. Алайда қыз қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети