Сәтбаевта терроризмдi насихаттау ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлытау облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Сәтбаев сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі).
Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.
Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!