“Сатқындармен әңгіме қысқа“ - ІІМ басшысы мундир абыройына кір келтіретін полицейлер туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Сатқындармен әңгіме қысқа“ - ІІМ басшысы мундир абыройына кір келтіретін полицейлер туралы Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов заң бұзған және қызмет мүддесіне опасыздық жасаған полиция қызметкерлері жауапқа тартылуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ішкі істер министрі Ержан Сәденов заң бұзған және қызмет мүддесіне опасыздық жасаған полиция қызметкерлері жауапқа тартылуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған сұхбатында Сәденов ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен болатын кез келген оқиға төтенше жағдай ретінде қарастырылып, оған принципті түрде баға берілетінін атап өтті.

Сәденовтің айтуынша, жекелеген жағдайларға қарап бүкіл жүйе туралы пікір қалыптастыруға болмайды, өйткені ел бойынша полицияда ондаған мың қызметкер еңбек етеді. Полиция қатарына өз бетінше кәсіби жолын жаңа бастаған және адамдардың қауіпсіздігі мен тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер қабылдауды үйреніп жүрген жастар келеді.

"Жұмыс істейміз, тәрбиелейміз, қажет болса – жазалаймыз. Егер адам саналы түрде Заң шеңберінен шығып, Антты бұзса және қызмет мүддесіне опасыздық жасаса, мен мұны сатқындық деп есептеймін. Ал сатқындармен әңгіме қысқа болады", - деді министр.

Сонымен қатар ІІМ басшысы қазіргі полиция тек құқық қорғау функцияларын ғана атқармайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қызметкерлер заңға бағыну мәдениетін қалыптастырып, азаматтарға көмектесуі және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуы тиіс.

Сәденов ІІМ-де кадрларды даярлау тәсілдері қайта қаралып жатқанын айтты. Qyzmet-police.kz платформасының арқасында кандидаттарды іріктеу ашық бола бастады, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарға ерекше көңіл бөлінеді.

Физикалық дайындық қызметтің міндетті бөлігі болып қала береді, алайда министр қызметкердің моральдық қасиеттері басты фактор екенін атап өтті.

"Техниканы меңгеруге, заңнаманы зерделеуге, ең заманауи цифрлық жүйелерді қолдануды үйренуге болады. Бірақ адамның ішкі дүниесінде болмаса, оны адалдыққа, парасаттылыққа және әділдікке баулу мүмкін емес. Нағыз офицер – күрделі жағдайларда шешім қабылдай алатын, ұстамдылығын жоғалтпайтын, адамдарға құрметпен қарайтын және сонымен бірге заң талаптарын сақтау мәселесінде принципті болатын кәсіби маман болуы тиіс", - деді Сәденов.

ІІМ басшысы полицейдің басты күші погонында немесе өкілеттігінде емес, тек адал әрі мінсіз қызметпен ғана ие бола алатын азаматтардың сенімінде екенін қадап айтты.

Еске сала кетейік, 23 маусымда Қазақстанда Полиция күні атап өтіледі. 1992 жылы еліміздің Жоғарғы Кеңесі "Ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады. Бұл Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі қазақстандық полицияның функцияларын айқындаған алғашқы құқықтық акт болды. Бұл күні ішкі істер органдарының қызметкерлері дәстүрлі түрде түрлі дәрежедегі ордендермен марапатталады.

Тағы оқыңыз: ІІМ басшысы “штрафстан“ туралы сұраққа жауап берді

Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +34
Ақтау +27
Ақтөбе +21
Атырау +27
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +32
П
Павлодар +33
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +36
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +28
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер