30 сәуір 2019 | 17:08

Саттар Мәжитов "Қоғамдық келісім" директоры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саттар Мәжитов. © ordabasy.gov.kz Саттар Мәжитов. © ordabasy.gov.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өкімімен Саттар Мәжитов "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өкімімен Саттар Мәжитов "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде. 

Осыған дейін, осы қызметті атқарған Александр Юрьевич Тараков мекеме директоры қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды", - делінген Өкімде.

"Қоғамдық келісім" - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету және оның іс-шараларын өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым.

Саттар Мәжитов Фазылұлы 1964 жылы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыды. Мамандығы: тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығында тарихи бағдарламалар бойынша жұмыс істеді. Қазақстан бойынша ЮНЕСКО комиссиясының мүшесі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети